[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/00091.MTS_snapshot_00.01.370-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» custom_padding=»||0px|||» global_colors_info=»{}»]

Көктем шаһардағы Сүтішев көшесі, 18 мекен жайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үй тұрғындарын әбігерге салды. Былтыр қазан айында баспананың шатыры жөнделген. Бірақ суағарлар орнатылмапты. Салдарынан тұрғын үйдің қабырғалары үгітіліп жатыр. Тұрғындармен Qazaqstan Media тілшісі тілдесіп қайтты.

К. Сүтішев көшесі бойында орналасқан 18-ші үйдің қабырғасы 1984 жылы қаланған. Бүгіндері 105 пәтерлі баспананың шатыры әбден тозып, былтыр 5-ші қабатта тұратын тұрғындардың үйіне су кірген. Үйдің шатырын «Нұрсейітов» серіктестігі 2021 жылы жаңартуы тиіс еді. Алайда олар іске тек өткен жылдың қазан айында ғана кіріскен. Күрделі жөндеу жұмыстары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 73 млн 504 мың теңгеге жүргізілді.

«Екі жылдан бері осы шатырмен арпалысып жүрміз. Уәде береді, бірақ орындамайды. Шатырды жөндеп берді. Бірақ олқылықтар өте көп. Шатырдан су ағатын құбырлар жоқ. Қалалық әкімдікке де жүгіндік. Еш пайда жоқ. Ал «Нұрсейітов» серіктестігі тек ақша жоқ деген сылтау айтады», — дейді МИБ төрағасы Елена Кустова.

Шатыр жаңартылғанымен мәселе шешілмеген. Бүгіндері шатырдан аққан су көпқабатты тұрғын үйдің қабырғаларын үгітіп жатыр. Тұрғындар ертең жауын-шашындар басталғанда жағдайдайымыз одан сайын ушығады деп алаңдап отыр.

«Мен бұл тұрғын үйде 15 жылдан бері тұрамын. Шешілмеген мәселелер көп. Қалалық та, облыстық та әкімдікке бардық. Ешкім назарға алмады.  Ал жауапты серіктестік жұмысын шала істеп кетті.  Шаруаны соңына дейін жеткізбейтіні бар,    бастапқыда неліктен өз жауапкершілігіне  алғаны түсініксіз», — дейді Қайырбек Сарқұлұлы.

«Нұрсейітов» серіктестігі көкшетаулық компания. Жауапты маманмен телефон арқылы тілдестік. Оның сөзінше, қажетті құрылғылар Ресей елінен әкелінеді. Сол себепті де, жөндеу жұмыстары кешігіп жатыр.

«Маған ешқандай тұрғын хабарласып, шағымын айтқан жоқ. Біз былтыр тұрғын үй шатырын ауыстырдық. Ал су ағарларды енді орнатамыз», — деп жауап қайтарды «Нұрсейітов» ЖШС басшысы Асылбек Нұрсейітов.

Серіктестік басшылығы алдағы бір аптада тұрғындар мәселесін шешуге уәде берді.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/00108.MTS_snapshot_00.02.151.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *