[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/2ce1cc6d-3969-41c7-9f51-30aeedc49513-780×470-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Футзалдан Семей қаласында өткен ел чемпионатында солтүстікқазақстандық команда үшінші орынға ие болды. Есту қабілеті нашар жандардан құралған топ — «Үміт» спорт клубының мүшелері, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Семейде өткен ел біріншілігіне Қазақстанның барлық облыстарының спортшылары қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша теріскейліктер үшінші орынға табан тіреді. Оларға кубок пен сыйлықтар табыс етілді. Ал екінші орын алматылықтардың еншісінде болса, Шымкент қаласының ойыншылары үздік атанды.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]