[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||27px|||»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/rustam0998_01.MP4_snapshot_00.01.576-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Бүгінгі күні облыс орталығындағы көшелердің басым бөлігі күрделі жөндеуді қажет етеді. Шұрық-тесік болған жолдарды қалыпқа келтіруге биыл 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінбек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл — Жұмысшы кенті. Бұл жерде қазіргі уақытта 4 мыңға жуық адам тұрады. Барлығы дерлік күнделікті қалаға қатынайды. Ересектер жұмысқа, оқушылар мектепке барады. Алайда, мұндағы жолдардың жағдайы мәз емес. Мәселен, Панфилов,Украинская, Побелянского көшелеріне шұғыл түрде жөндеу жүргізу керек. Соңғы рет мұнда орташа жөндеу жұмыстары 4-5 жыл бұрын жасалған. Қазіргі уақытта тас жолдар тесіліп, шұңқырлар пайда болған. Тозығы әбден жеткен жолдардың шетінде дұрыс су ағарларда жоқ. Оған қала көшелерін аралаған облыс әкімі Айдарбек Сапаров көз жеткізді. Мұндай жағдай тек шеткері аудандарда ғана емес, шаһардың орталық көшелерінде де байқалады. Жалпы, биылғы жылы 18 көшені ретке келтіру жоспарланған. Мұнымен қоса, қалаға кіреберіс Жамбыл көшесіне түсетін жүктемені азайту үшін бірқатар көше кеңейтілмек.

«Сәтжан Айтенұлы (облыс әкімінің орынбасары), қала әкімі Руслан Аңбаевқа, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына Жұмысшы кентіндегі екі негізгі магистральді көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және қалғандарында орташа жөндеу жұмыстарын іске асыруға тапсырма беремін. Жалпы барлық 18 көше бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді де тапсырамын. Негізгі 6 магистральді көшені де жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз ету қажет. Асфальт жабынын ауыстырып қалған көшелерде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу керек», — деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

Жалпы, биылғы жылы Петропавлдың 18 көшесін қалыпқа келтіруге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінбек.

 

 

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/rustam1007_01.MP4_snapshot_00.41.122.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x