[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/2022_03_17_605c5ea913494.jpg» align=»center» admin_label=»Supreme Image» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Петропавлдың такси жүргізушілерін алдаған Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды. Ол 3 азаматтан азық-түлікті әкімдікке жеткізіп берулерін сұраған. Оның үстіне телефон нөміріне 20 мың теңге салғызып, тауарды алған кезде толықтай есеп айырысатынын айтып сендірген. Бұдан соң мүлдем хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Сан соғып қалған жүргізушілер полицейлерге жүгінді. Интернет-алаяқтықты ашу жөніндегі арнайы жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Өскемен қаласының 21 жастағы тұрғыны болып шықты.
«Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, интернет алаяқтар түрлі айла-тәсілге баруы мүмкін. Сол үшін барынша сақтық танытқан жөн», — дейді Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]