[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» custom_padding=»||27px|||» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/84cdd50d-eca1-4520-87d8-4839f2d19330-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Қазіргі уақытта сұлулық әлемінде тырнақты гельмен бояу трендке айналып, қыз-келіншектер арасында үлкен сұранысқа ие. Мұндай маникюр ең алдымен уақыт үнемдейді әрі ұзақ сақталады. Дегенмен гель жабынын жиі қолдану денсаулыққа зиян келтіреді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Гель әдеттегі лакка қарағанда төзімді келеді және тырнақ пластинасында бірнеше апта бойы сақталады. Гель жабыны кәдімгі лак сияқты ауада өздігінен кеппейді, оны міндетті түрде LED шамының астында ұстап, кептіру қажет. Гельді кетіруге 10-15 минутқа дейін уақыт жұмсалады. Маникюрдың бұл түрі қалта көтерерлік және әдемілігін ұзаққа дейін сақтайды. Бірақ көпшілік оның оң тұстарынан басқа зиянды жақтары барын біле бермейді.

«Гель жағып, кептіргеннен кейін түзетулер енгізу мүмкін емес, не сол күйінде жүру керек, не бәрін бірден алып тастау қажет. Артықшылығы, жағымсыз иісі жоқ, маникюрдің үш аптаға дейін сақталуы, әдемі жылтыр түсінің болуы. Жалпы гель жабыны акрилге қарағанда төзімді және икемді деп саналады», — дейді Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы Айгүл Мұрталимова.

Маманның сөзінше, гель тырнақ пластинасын әлсіретуі мүмкін. Тырнақ жұқарып, сезімталдығы артады.

«Тырнақ орны мен кутикула — тырнақтың ең маңызды аймақтары. Біріншісі, тырнақ пластинасының қоректенуіне жауап береді, ал екіншісі қорғаныс функциясын орындайды. Сондықтан гель жабынын аларда мүмкіндігінше мұқият болу керек. Гельді кетіру үшін салонға барып, маманның көмегіне жүгінген жөн. Өздігінен жұлып алу тырнақ пластинасын зақымдайды, ал ол тез қалпына келмейді, оған орта есеппен жарты жыл уақыт керек», — дейді Айгүл Мұрталимова.

Гель жабынын жиі пайдалану тырнақтың құрылымын бұзады, ылғалды жойып, кептіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан гель лакты екі-үш айда бір рет, тырнақты «демалдырып» қана пайдаланған жөн.

Үйді химиялық заттармен тазартып жуған кезде резеңке қолғап киіңіз, өйткені бұл өнімдердің құрамындағы агрессивті компоненттер тырнақ жабындысына әсер етуі мүмкін. Бұл ереже маникюрді ұзақ сақтауға ғана емес, сонымен қатар қол терісінің тез қартаюына жол бермейді.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x