[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Image-2023-03-22-at-18.55.00-4-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар бүгін де жалғасын тапты. Тұңғыш Президент саябағы мен орталық алаңға жиналған жұрт жергілікті өнер ұжымдарының концерттік бағдарламаларын тамашалап, Наурыздың басты тағамы- Наурыз көжеден дәм татты. Жастар алтыбақан теуіп, асық ойнап, арқа-жарқа болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қалалық әкімдіктің алдында орналасқан алаңда қаз-қатар тігілген киіз үйлерде түрлі көрмелер ұйымдастырылып, мерекені тойлаған тұрғындардың назарына ұсынылды. Онда жергілікті шеберлер мен қолөнершілердің бұйымдары қойылды.
Мәселен, Петропавлдық Раиса Согомонян қыз-келіншектерге арналған гипстен түрлі бұйымдар жасайды. Шебер бұл іспен 2 жылдан бері айналысады. Әйелдің сөзінше, бүгінгі күні мұндай ерекше заттар нәзік жандылар арасында үлкен сұранысқа ие.
“Ең алдымен гипсті жоғары температурада ерітіп кейін оны қажет пішім беретін арнайы қалыптарға құямыз. Одан соң ол бірнеше сағат бойы кептірілуі тиіс. Сосын түрлі бояулармен бояп, тастармен безендіруге болады”,-дейді Раиса Согомонян.
Бұдан бөлек, бұл күні орталық алаңда ұйымдастырылған ұлттық салт-дәстүрмен ойындарға, викториналық сұрақтарға қызылжарлықтар белсене қатысты. Әсіресе, тоғыз құмалақ, жілік жару мен қой көтеру көпшіліктің назарынан ерекше аударды. Ал кіл мықтылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Image-2023-03-22-at-18.55.00-3.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]