[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/fb76KLnk.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Бірнеше серіктестіктерді басқарып, халықтың келісімінсіз, жерлерін жалға қойып, ірі көлемде несие алған Бейбіт Молдашев сот залынан босатылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Еске салсақ, «Жарқын-СК», «Корпорация Рамут», «Рамут Агро Кемикал» сынды серіктестіктерді басқарған Бейбіт Молдашев халықтың келісімінсіз жылжымайтын мүлікті банкке кепілдікке қойған. Одан барып белгілі бір мақсатта жұмсау үшін 600 млн теңге көлемінде несие алыпты. Ақшаны дер кезінде қайтармағандықтан, Аграрлық несие корпорациясы жерді аукционға шығарды. Осының салдарынан, бірнеше ауыл тұрғындары жерлерінен айырылып қалған болатын. Жасаған әрекеті үшін Бейбіт Молдашев 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол 1 жыл бойы қамауда болды. Дегенмен, ісі қайта қаралып, Молдашев сот залынан босатылды.
«Молдашевтың Аграрлық несие корпорациясын алдайтын ойы болмаған. Сондықтан, бұл істі алаяқтыққа жатқыза алмаймыз. Протоколдардың барлығы ресми түрде дайындалып, несие рәсімдеушіге берілген. Жасалған заңбұзушылық аса ауыр қылмысқа жатпайды. Сол себепті, Бейбіт Молдашевты қамауға алуға болмайды», — дейді Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Ербар Қалиев.
Енді 600 млн теңгеге оралайық. Ербар Қалиевтың сөзінше, берешек толықтай өндіріліп алынған. Молдашев 480 млн теңгені ақшалай өтеді.
«Қалған 178 млн теңгенің мүлкі тәркіленді. Ал Аграрлық несие корпорациясына берілген жер кепілдіктен босатылды. Яғни, иелеріне қайтарылды. Қайта қаралған іс бойынша Бейбіт Молдашевты 1 жылға қамауға алу туралы шешім қабылданды», — деді Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Ербар Қалиев.
Алайда прокуратура өкілдері мұнымен келіспей отыр. Олар апелляциялық сот қаулысының күшін жою үшін кассациялық өтініш бермекші.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]