[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/1-4.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Петропавлда Наурыз мейрамына орай «Qyzyljar-2023 шеберлер мекені» қолөнершілер фестивалі өтуде. Мәдени шарада еліміздің 7 облысынан және РФ-ның көршілес аймақтарынан келген 22 шебер бас қосты. Фестиваль барысында он саусағынан өнер тамған шеберлер өзара тәжірибе алмасып, бұйымдарын саудаға қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 Қызылорда облысының тұрғыны Айдана Әлайдарова Қорқыт ата университетінде этнодизайн пәнінен сабақ береді. Петропавлда өтіп жатқан фестивальге шебер киізден панноның түр-түрін жасап, арнайы алып келген. Қолөнерші қойдың жүнінен тігілген бұйымдарды заманауи және дәстүрлі технологияларды қолданып жасайды. Екеуінің айырмашылығы киізді жұмсартып, басатын судың температурасы мен уақытында ғана. Мәселен, дәстүрлі түрінде су міндетті түрде ыстық болуы тиіс. Шебердің сөзінше, киізбен жұмыс істегенде оның мүмкіншілігі зор. Тігіссіз, ойық әдістерін қолданып ұлттық нақышта түрлі киім-кешек, дорба, бас киім сынды бұйымдар тігігуе болады.

«Дәстүрлі технологияны әжелеріміз қолданған. Ал, бүгінгі күні заманауи технологияны пайдаланамыз. Ең алдымен эскиз жасаймыз. Кейін арнайы инелерді пайдаланып шаншу әдісі арқылы киізге түрлі бояуларды түсіріп, суретін бастырамыз. Политра, контур жасасақ та жүнмен араластырып, майлы бояумен жазған сияқты жұмыс істеуге болады. Бұйымдар композициясына, көлеміне байланысты 1 апта немесе 2-3 күн тіпті кей кездері 2-3 айға жуық уақыт бойы жасалады», — дейді Қызылорда облысынан келген қолөнерші Айдана Әлайдарова.

 Ал ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген көрпелердің барлығы Түмен облысының тұрғыны Салтанат Исаеваның қолынан шыққан. Қолөнерші тарихи отанында өтетін фестивальге жылда қатысады. Шебердің сөзінше, өзге мемлекетте тұрса да өзінің ұлттық салт-дәстүрі мен мейрамдарын ұмытпайды. Оның үстіне қыз жасауы, құдағи дорба сынды бұйымдарға көршілес мемлекетте сұраныс жоғары дейді.

«Түмендік қазақтар ұлттық салт-дәстүрлерін ұмытпаған. Әр үйде осындай көрпешіктерді көре аласыздар. Бала кезімде әже, аналарымыз құрақ көрпе тігетін. Солардан көріп бізде үйрендік. Жастық, көрпелерді көбіне қыз жасауына тапсырыс беріп, жасатады. Бағасы 90-110 мың теңге аралығында. Матаның барлығын Қазақстаннан сатып аламын. Көбіне велюрді қолданамын», — дейді Түмен облысынан келген қолөнерші Салтанат Исаева.

Шебер көбіне 3Д үлгісінде тігілетін құрақ көрелерге көп уақыт бөлу қажет дейді.

«Басты ерекшелек – жастық немесе көрпе паралонмен қапталған. Яғни, ою-өрнек, этносуреттердің барлығы да паралонның үстіне салынады. Бірнеше көрпе мен жастықтан тұратын жинақты мен өзім әдетте 20-25 күн ішінде тігемін», — дейді Салтанат Исаева.

Бұдан бөлек, «Қызылжар-2023 шеберлер мекені» фестивалінде ағаштан, темірден жасалған бұйымдар, қыш құмырылар, зергерлік бұйымдар, түрлі суреттер мен өзге де заттарды сатып алуға болады. Жалпы, көрмеге облыстың 7 өңірінен және РФ-ның көршілес аймақтарынан 22 шебер қатысуда.

«Өткен жылы тұрғындар арасында ұлттық нақышта жасалған бұйымдарға сұраныс жоғары болды. Жалпы фестивальге келген халықтың қарасы қалың болған соң, биылда осы іс-шараны өткізуді жөн көрдік. Бұдан бөлек, осы жәрмеңке арқылы қолөнершілер бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасып, бұйымдар жасаудың әдіс-тәсілдерімен жаңа технологиялармен бөлісе алады», — дейді СҚО музейлер бірлестігі директорының орынбасары Еркін Шалкенов.

«Қызылжар-2023 шеберлер мекені» фестивалі наурыздың 21 мен 22 аралығында қаламыздың басты алаңында жалғасатын болады.

 

 

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Image-2023-03-20-at-13.47.32-7-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x