Петропавлда коммуналдық мекеменің қызметкері Болатбек Кәрімов жұмыс күні уақыт тауып, Юрий Гагарин атындағы №14 орта мектепте орналасқан №574 сайлау учаскесіне трактормен келіп, өз дауысын берді, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстікқазақстандықтар ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауында белсенділік танытып жатыр. Конситутциялық құқығын пайдаланғандардың бірі —  қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген коммуналдық шаруашылық қызметкері Болатбек Кәрімов. Тракторды 20 жыл тізгіндеп келе жатқан ол, жұмыс уақытына қарамастан өз сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

«Шынымды айтсам көңіл күйім көтеріңкі. Қуанышты сезімде тұрмын. Себебі, елім мен халқымның оның ішінде өзім мен бала-шағамның жарқын болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Елге депутаттар қажет. Олар билік пен қарапайым халықты біріктіріп тұрған көпір іспеттес. Олар біздің мәселелерімізді жоғары жаққа жеткізіп, шешімін табуға көмек көрсетеді», — дейді коммуналдық шаруашылық жұмысшысы Болатбек Кәрімов.

Юрий Гагарин атындағы №14 орта мектебіндегі №574 сайлау учаскесінде 1850 сайлаушы тіркелгенін айта кеткен жөн. Сағат 12.00-ге дейін оның 200-ден астамы өз таңдауын жасап үлгерді.

«Сайлау учаскесі таңғы 7-де ашылды. Тұрғындар таңсәріден сайлауда белсенділік танытып, құқығын пайдаланып, дауыс беріп жатыр. Біздің учаскеде де денсаулығына байланысты үйден дауыс беретіндер бар. Қазіргі уақытта 12 адамнан өтініш түсті. Бұл тұрғындарды түстен кейін аралайтын боламыз», — дейді № 574 сайлау учаскесінің төрағасы Михаил Ярышев.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x