[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/509daa2a-fd3d-4948-b9a1-c00130e1aea5-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Әлеуметтік осал топтарға төленетін жәрдемақы сомасы көбеймек. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзармақ. Мұнымен қоса, көпбалалы аналарға «наградталған ана» деген жаңа мәртебе беріледі. Тағы бір маңызды өзгеріс атаулы әлеуметтік көмек беру үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейінің орнына медиандық табыс деңгейі арқылы анықталатын болады.

«Бұл шараларды іске асыру үшін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесі зерделенді. Бұл ұйымға кіретін 8 мемлекет осы тәсілді пайдаланып келеді. Бүгінде АҚШ-тағы кедейлік шегі медианалық кірістің 40 пайызына, Канадада — 50, ал Еуралық одақ елдеріне кіретін кейбір мемлекеттерде 60 пайызына пара-пар. Біз де осы тәжірибені 2025 жылдан бастап енгізуді көздеп отырмыз»,-деді Сенат отырысы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x