[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/543237-sakhar-540×480-1-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
«Солтүстік» ӘКК» АҚ кәсіпкерге әлеуметтік маңызы бар тауарды қымбатқа сатып келген. Өнім құны тауарды көтерме бағамен саудалайтындардан 30 теңгеге жоғары болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің мәліметінше, оларға жеке кәсіпкер шағымданып, тұрақтандыру қорындағы азық-түлікті қымбат бағаға алуға мәжбүр болғанын айтқан. Ауылда дүкен ұстайтын бизнесмен сауда орнында сату үшін тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 5 түрін алмақ болған. Алайда акционерлік қоғам өкілдері оны қосымша әлеуметтік қантты алуға міндеттеген. Бірақ тауардың бағасы ол жердегі өзге көтерме саудамен айналысатындардан 30 теңгеге қымбат болған.
«Осылайша, «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тарапынан әкімшілік кедергі жасалған. Олар шағын бизнес субъектілері есебінен бұрын қымбат бағаға алынған азық-түліктен құтылмақ болған. Ведомствоның араласуынан кейін барлық тараптардың қатысуымен кездесу өтіп, мәселе оң шешілді. Яғни, кәсіпкерлер қажетті азық-түлікті еш шектеусіз сатып ала алады», — делінген СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарламасында.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]