ҚР Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға 10 күн қалды. Маңызды шараға облыс бойынша 556 кандидат қатыспақ. Олардың 325-і ер адам болса, қалған 231-і әйелдер.Үміткерлерге дауыс беру үшін облыс бойынша 631 сайлау учаскесі жұмыс істемек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биылғы сайлау жаңашылдықтарға толы. Осы жылдан бастап Парламент жұмысына да өзгерістер енгізілген. Енді заң жобаларын мәжіліс қабылдап, сенат мақұлдайды. Жаңадан жасақталатын мәжілісте мандат саны 9-ға қысқарып, 107-ден 98-ге дейін азаяды. Ал СҚО бойынша  ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына  сайлануға 13 кандидат ұсыныс білдірген. Алайда, олардың екеуі конституциялық заңға сәйкес декларациялауда қате жібергендіктен кандидат ретінде тіркеуден алынып тасталыпты. Қазіргі уақытта  аталмыш үміткерлер сот арқылы өз құқықтарын қорғауда.

«Биылғы сайлау 2004 жылдан бері алғаш рет пропорцианалды мажоритарлық жүйемен енгізіліп жатыр. Яғни, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының 70 пайызы пропорцианалды жүйе, яғни партиялық тізіммен, ал 30 пайызы бірмандаттық округтерден сайланатын болады», -дейді СҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Сағындық Мауғазин.

Биылдан бастап облыстық мәслихаттарға депутаттар 50 де 50 жүйесімен сайланады. СҚО мәслихатында 30 депутат болады деп жоспарланған. Олардың 15-і партиялық тізімнен болса, қалған 15-і бірмандаттық округтен сайланады.

«Солтүстік Қазақстан облысында бірмандаттық окгрутер бойынша облыстық мәслихаттың 15 округінен 53 кандидат, ал қалалық мәслихаттың 18 округі бойынша 53 үміткер тіркелді. Аудандық мәслихаттардың 145 округі бойынша 455 кандидат сайлауға түседі. Қазіргі күні олар  сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарымен айналысып жатыр», — дейді СҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Сағындық Мауғазин.

Облыс бойынша сайлауға өз кандидаттығын ұсынғандардың ең жасы 2000 жылғы болса, ең үлкені 1947 жылғы. Жалпы облыс бойынша 631 сайлау учаскесі жұмыс істемек. Онда 384 мыңнан астам адам өз таңдауын жасайды.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x