[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/1-6.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
СҚО-да тәркіленген контарабандалық тауар материалдық жағдайы төмен, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға таратылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Кеден қызметі 2014 жылы Қытайдан Солтүстік Қазақстан арқылы Ресейге тасымалданған контрабандалық тауар партиясының жолын кесті. 20 мың тонна жүк айғақ ретінде тәркіленген. Тергеу шаралары бірнеше жылға созылды. Нәтижесінде соттың шешімімен заңсыз тауар мемлекет меншігіне берілді. Облыстық Экономикалық тергеу департаменті 50 мың дана киім-кешекті қалалық әкімдік мамандарына тапсырды. Қазір көмекке мұқтаж азаматтардың тізімі жасалуда.
«Киім-кешек қоймада ұзақ жатты. Соған қарамастан пайдалануға жарайды. Заттай айғақ ретінде тәркіленген тауар Солтүстік Қазақстан тарихында алғаш рет мұқтаж азаматтарға таратылмақ», — дейді облыстық Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі Елена Белоус.
[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/2-3.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]