[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/бала-1-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Ел Президенті былтырғы Жолдауында ана мен бала тақырыбына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2023 жылдан бастап бала күтімі үшін төленетін жәрдемақы 1,5 жасқа дейін ұзартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Егер сәбидің анасы жұмыс істесе және ол үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар түссе, онда ай сайын әлеуметтік төлем алатын болады. Төлем мөлшері бала туғанға дейінгі соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды. Ал жұмыс істемейтін ата-анаға арналған жәрдемақы мөлшері мынандай:

— бірінші балаға 5,76 АЕК немесе 2022 жылы 18 317 теңге, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 19 872 теңге;
— екінші балаға 6,81 АЕК немесе 2022 жылы 21 656 теңге, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 23 495 теңге;
— үшінші балаға 7,85 АЕК немесе 2022 жылы 24 963 теңге, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 27 083 теңге;
— төртінші және одан да көп балаға 8,90 АЕК немесе 2022 жылы 28 302 теңге, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 30 705 теңге.

Жұмыс істемейтін ата-аналарға төлем республикалық қазынадан қарастырылған. Ал еңбек етуіне байланысты бұрындары ай сайын әлеуметтік төлем жасалған жандарға жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан аударылады.

«Мен жұмыс істеп жүріп декреттік демалысқа шықтым. Қыз баланы өмірге әкелдім. Тұрақты табысымнан айрылғандықтан төлем әлеуметтік сақтандыру қорынан жасалады. Бала күтімі үшін төленетін жәрдемақы 1,5 жасқа дейін ұзартылғанына жас ана ретінде өте қуаныштымын. Ана баласының кішкентай күнінде неғұрлым қасында көп болса, соғұрлым баласы жақсы дамиды. Мұны білікті мамандардан естідім. Өзгеріске ризамын»,- дейді Ботагөз Сыздықова.

Бүгінгі күні өңірде 6041 келіншек бала күтімі үшін жәрдемақы алады. 1188 солтүстікқазақстандыққа төлем республикалық бюджеттен жасалса, 4853 жерлесімізге тиісті ақша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан түседі.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x