[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/photo1676044429-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″]
Өткен жылдың көктемінде бір мұржасы опырылып түскен Петропавл ЖЭО жөндеуге 6 млрд теңге бағытталмақ. Қаржы қазандықтарды жөндеп, жаңа мұржаның құрылысын жүргізуге бөлінеді. Сондай-ақ, биыл 7 шақырым жылу желілерін қалыпқа келтіру жоспарда бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған облыс әкімі Айдарбек Сапаров айтты. Өңір жетекшісі ауыл шаруашылығын дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде де баяндады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары туралы да ақпарат берді.
«Былтырғы жылды жақсы көрсеткішпен аяқтадық. Барлық салаларда өсім бар. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамыды. Өткен жылы 1 трлн 117 млрд теңгенің өнімін шығардық. Жалпы ел бойынша бірінші орында тұрмыз. Облыс экономикасын әрі қарай дамыту үшін инвестиция тарту жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз. Биыл бұл көрсеткішті 430 млрд теңгеге жеткізу ойымызда бар», — деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.
Сондай-ақ, биыл өңірде жаңа мектептер мен медициналық мекемелер салу жоспарлануда. Солтүстікқазақстандықтарды сумен жабдықтау және жол жөндеу мәселелері де шешімін таппақ.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]