Жаппай егін жинау науқаны қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары  Серік Жұманғарин жедел штаб отырысын өткізді. Соңғы мәліметтер бойынша елімізде 1,1 млн гектар орылып, 1,6 млн тонна астық бастырылыпты.  Орақ науқаны кей облыстарда қазіргі кезде жүріп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.  

Бүгінде жаңа өнім жинау жұмыстары он екі өңірде – Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жүргізілуде. Жалпы жинау алаңы 23,6 млн гектарды құрайды, оның ішінде 16 млн гектары – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері топыраққа 1,7 млн тонна тыңайтқыш қосты, бұл жылдық жоспардың (1,9 млн тонна) 88%-ын құрайды. Барлығы 1,8 млн тоннаға келісімшарт жасалған, ал қалған көлемді күзде – күзгі жырту мен парларға енгізу жоспарланып отыр

«Егін жинайтын техникалардың дайындық деңгейі 93%-ды құрайды, ал жаппай жинау кезеңінде ол 100%-ға жеткізіледі. Жұмысқа 139 мың трактор, 31 мың комбайн, 17 мың шапқыш және 130 мың бірлік басқа да техника жұмылдырылмақ. Егін жинау жұмыстарына 402 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген, оның 9,3 мың тоннасы (жоспардың 42%-ы) шаруаларға жеткізілді. Жанармай бағасы нарықтан 18–20%-ға төмен»,-деді  Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Жаңа өнімді қабылдау үшін элеваторлардан орын босату мәселесі жеке қаралды. Қазіргі уақытта олардың жүктемесі 16%-ды құрайды.  Бұл жалпы сыйымдылығы 30,7 млн тоннаның 2,2 млн тоннасы.  

Отырыс соңында вице-премьер оңтүстік және негізгі астық өндіруші өңірлердің өкілдерін тыңдады. Жаппай егін жинау басталғаннан кейін штаб отырыстары апта сайын өткізіліп, туындайтын мәселелер жедел шешілетін болады.

Тағы оқыңыз: Ботай қонысы туристік сапар орталығына айналуы қажет

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *