Өздері жұмыс істейтін серіктестіктен жанар-жағармай ұрлап келген: СҚО полицейлері үш тұрғынды ұстады

СҚО-да ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың бірінен жанар-жағармай ұрлап келген үш азамат ұсталды. Олар КамАЗ-дан дизель отынын ағызып алып жатқан жерінде қолға түскен, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне өңірдегі ауылшаруашылығы кәсіпорындарының бірінде үнемі жанар-жағармай ұрланады деген ақпарат келіп түскен. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктілер тобы анықталды. Олар серіктестікте жұмыс істейтін 62, 54 және 34 жастағы М. Жұмабаев ауданының тұрғындары болып шықты. Олар кәсіпкерге айтарлықтай шығын келтірген.

«Полицейлер облыстық прокуратураның үйлестіруімен және 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, оларды Тайынша ауданы аумағында КамАЗ цистерналарынан жанармай ағызып жатқан жерінде ұстады. Ұрланған заттар тәркіленді. Іс сотқа жіберуге дайындалуда. Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында ұрлық жасағаны үшін күдіктілер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

 

Өздері жұмыс істейтін серіктестіктен жанар-жағармай ұрлап келген: СҚО полицейлері үш тұрғынды ұстады

Тағы оқыңыз: СҚО-да бұрынғы ресейлік компания қалайы өндіретін болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x