Англия төрінде атой салып, бокстан әлем чемпионы атанған Наталья Богданов Петропавлға оралды. Спортшыны тілеуін тілеген жерлестері сән-салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ел мерейін асырған спортшы – көздерінде оты бар жастарға үлгі. Оны қарсы алу шарасында байқауға болады. Бір топ бала былғары қолғап шеберінің қасынан шықпай, қолтаңбасын алып жатты. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысты.

Наталья дүбірлі додада төрт кездесу өткізді. Оның әрбіреуі тартысқа толы болды. Айта кету керек, әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды. Отандастарымыз барлығы 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншіледі.

«Бұл мен үшін көптен күткен жеңіс. Мен осы сәтті көп күттім. Жеңіс жолында аянып қалмадым, қанша күшімді сарқ еттім. Ендігі мақсат Олимпиада шыңын бағындыру», — деді әлем чемпионы Наталья Богданова

Тағы оқыңыз: СҚО-да үш күнде 18 мас жүргізуші ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *