Әйелін пышақтап өлтірген петропавлдық 10,5 жылға сотталды

Петропавлда әйелін азаптап өлтіріп, денесін көміп тастаған Надир Абдулаевқа сот үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Виктория Абдулаева өткен жылдың шілде айында күйеуінің қолынан қаза тапты. Надир Абдулаев оны үйінің жанындағы орманға шығарып, ең алдымен ішіне, кейін мойынына бірнеше рет пышақ сұққан. Содан соң ол інісі Иса Гасановқа хабарласып, екеуі Викторияның денесін сол жерде көміп тастаған.

Әйелін пышақтап өлтірген петропавлдық 10,5 жылға сотталды
Әйелін пышақтап өлтірген петропавлдық 10,5 жылға сотталды

«Бұдан соң Абдулаев пен Гасанов үйге келіп, киімдерін жуып, қан іздерін кетірген. Ал кейбірін қоқыс жәшігіне лақтырып кеткен», — деді істі жүргізген СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нұршәріпов.

Сотта Надир Абдулаев кінәсін мойындады. Және өз ісін былай деп түсіндірген.

Әйелін пышақтап өлтірген петропавлдық 10,5 жылға сотталды
Әйелін пышақтап өлтірген петропавлдық 10,5 жылға сотталды

«Шілденің 13-і түнгі 3-тер шамасында үйіне келген ол әйелінің ішімдік ішіп алғанын көреді. Содан үйде жанжал басталады. Кейін Надир Абдулаев кішкентай қызы ұрысты естімес үшін жұбайының далаға шығуын сұрайды. Сөйтіп екеуі үйінің маңындағы орманда әңгімелеседі. Сол кезде Виктория оған былапыт сөздер айтып, ажырасатындығын жеткізеді. Бұған шыдамаған ер азамат оны бетінен ұрып жіберген. Сол кезде әйелі оны қолына түскен затпен соққан. Ашуға булыққан ол Викторияның қолындағы пышақты жұлып алып оған сұғып алған», — деді сот үкімін оқыған судья.

Прокурорлар оны 11 жылға, ал Иса Гасановты 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сот шешімі бойынша Надир Абдулаев алдағы 10,5 жылын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзету мекемесінде өткізетін болады. Ал інісі 1,5 жылға темір торға тоғытылды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Ал Абдулаевтардың кішкентай қызының тағдыры не болатыны әзірге белгісіз.

Тағы оқыңыз: Сенатор Әсем Рахметова СҚО-ға газды Ресейден тартуды ұсынды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x