Ұлы Жеңіс күніне орай биыл да бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазіргі таңда облыста 7 майдангердің көзі тірі. Биыл мерекеге орай олардың әрқайсысына 1,5 млн теңге төленеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Майдангерлердің барлығы бүгінде жүріп-тұрудан қалған. Оның арасында екеуінің жасы 100-ден асқан. Осыған байланысты биыл да ардагерлер тұратын үйлердің ауласында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылмақ.
«Мереке қарсаңында демеушілерден, меценаттардан келіп түсетін қаражат, ең алдымен,соғыс ардагерлерінің материалдық жағдайын жасауға және мерекелік іс-шаралар өткізу үшін пайдаланылатын болады», — дейді СҚО ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Карабельников.
Тағы оқыңыз:Жүрегі қазақ деп соғатын орыс қызы