«Қызылжар су» ЖШС үздіксіз, үзіліссіз жұмыс істейді. Кәсіпорында еңбек етіп жүрген 700-ден астам жұмысшының арқасында облыс орталығында тұрып жатқан сіз бен біз үнемі таза ауыз сумен қамтамасыз етілгенбіз. Сондай жандардың бірі – Махаббат Бектембаева. Өз ісін сүйетін маманмен QM тілшісі тілдесті.

Махаббат Бектембаеваның «Қызылжар су» ЖШС-нда жұмыс істеп жатқанына 19 жыл болған. Қарапайым еңбек адамының күнделікті жұмысы қоғамда қатты сезілмесе де, жасап жатқан ісінің маңыздылығын Махаббат Бектембаева жақсы түсінеді. Сондықтан, технология дамыған заманда қалай болғанда да жұмысшылардың мәртебесі бір сатыға жоғары болу керек деп санайды.

«Қызылжар су» ЖШС-ның 710 маманы қаланы таза ауыз сумен қамтып отыр

«Жұмысшылар болмаса қаламыз дамымай, бәрі тұралап қалар еді. Әр маманның атқарып жатқан еңбегін бағалау керек. Мысалы, менің міндетіме бізге келетін суды тазалап, сүзгілерден өткізу кіреді. Оны сақтау, технолгиялық құрамының өзгермеуін бақылаймыз. Егер осының бәрін қадағаламаса, тұрғындар сапасы төмен суды тұтынатын еді. Сондықтан, әр еңбек адамының атқарып жатқан жұмысы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған», — дейді өз пікірімен бөліскен маман.

Махаббат Бектембаева жұмысында белді маман болса, үйде адал жар, сүйікті ана және әже. Үш қызының екеуі тұрмыс құрып, жиен сыйласа, кенжесі әлі студент. 50 жасында әже атанған ол гүл баптап, қолөнермен айналысқанды ұнатады. Үйде де, жұмыста да гүл егіп, оларды күтуден ләззат алады.

«Қызылжар су» ЖШС-ның 710 маманы қаланы таза ауыз сумен қамтып отыр

«Біз Қызылжар ауданы Толмачевка ауылында тұрамыз. Жұмысқа үш күнде бір келемін. Үйде шамалы малымыз, құсымыз бар. Жалпы өзіме іс тігу, тоқыма тоқу, кесте тіккен ұнайды. Одан қалса гүл өсіремін. Бос уақытты тиімді өткізуге тырысамын. Жұмыста да гүлдерді суарып, баптап күтемін. Одан жаным рахаттанады», — дейді Махаббат Бектембаева.

Петропавлды тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорында бүгінде 710 маман жұмыс істейді. Олардың қатарында еден жуушы, зертханашы, дәнекерлеуші, диспетчерлер де бар. Бұл қызметкерлердің әрқайсысыың жұмысы маңызды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл әкімдері теннис ойнап жарысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *