«Қызылжар» ФК-ның қыркүйек-қазан айларына арналған күнтізбесі шықты. Теріскейлік ұжым екі айдың ішінде төрт-ақ кездесу өткізеді. Бұған себеп — ұлттық құрама ойындары, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қыркүйектің 13-і солтүстік дербиі өтеді. «Қызылжар» футбол клубы өз алаңыңда көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдайды. Кейін теріскейлік ұжым араға екі апта салып сырт алаңда «Ақтөбемен» кездеседі.

Жерлес футболшылар қазан айында да екі матч қана өткізеді. Алғашқы қарсылас — алматылық «Қайрат». Айта кету керек, аталған команда Чемпиондар лигасына жолдама алған болатын.

Жергілікті команда маусымдағы соңғы ойынын талдықорғандық «Жетісумен» өткізеді. Екі команда да соңғы уақытта жеңілістен көз ашпауда. Турнирлік кестеде де бір-біріне жақын орналасқан.

«Қызылжар» футбол клубының қазіргі жағдайы мәз емес. Теңбіл доп шеберлері турнирлік кестеде 14 команданың ішінде тоғызыншы орында тұр. Жеңіске жетпегеніне екі айға жуықтады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да үш көлік соғылып, екі адам оқиға орнында көз жұмды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *