Бескөл ауылында танымал сауда желісінің дүкені ашылды. Бұрын бос тұрған нысан қазір тауардың түр-түріне толып тұр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мұнда азық-түлік те, тұрмыстық және шаруашылық заттар да бар. Бастысы, бағасы қалта қақпайды. Бескөлдіктер сауда орнының ашылуын асыға күткен сыңайлы, таспасын қию салтанатына біраз адам жиылды.

Қызылжар ауданында әмбебап дүкен ашылды
Қызылжар ауданында әмбебап дүкен ашылды

«Дүкендегі тауардың ассортименті екі мыңға жуықтайды. Сауда нүктесінде тұрғындарға ең қажетті деген өнімдер бар. Өзіндік жұмыс форматымыз қалыптасқан. Біз сәнді безендіруге, жарнамаларға мән бермейміз. Соның есебінен бағаны барынша төмен деңгейде ұстаймыз. Тауардың 50 пайызы — отандық», — сауда желілерін дамыту жөніндегі директоры Евгений Котолевич.

Жаңа дүкеннің ашылуымен жергілікті 10 азамат жұмыспен қамтылды. Олар алғашқы келушілерге қызмет көрсетуде. Халық өте көп. Барлығы нысанды аралап, өздеріне керектіні қарады. Көбі азық-түлік пен тұрмыстық химия алуда. Касса маңында әп-сәтте кезек қалыптасты.

Қызылжар ауданында әмбебап дүкен ашылды
Қызылжар ауданында әмбебап дүкен ашылды

Дүкен дәл жолдың бойында тұр. Бұл бескөлдіктерге де, өзгелерге де ыңғайлы. Жалпы, өңірде танымал сауда желісінің бұдан бөлек 3 нүктесі бар. Оның екеуі — Петропавлда, біреуі Тайынша қаласында орналасқан.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық азамат моншада бетін ыстық суға күйдіріп алған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *