Қазіргі кезде Қызылжар ауданында су тасқынынан кейін жұмысын батаған арнайы комиссия жұмысын аяқтауға жақын. Олар зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп, баспаналарды бағалау жұмыстарын осы аптада қорытындыламақ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Су тасқынынан кейін Қызылжар ауданында 1099 баспана жөндеуге жарамды деп, 320-сы апатты деп танылған. Қазіргі кезде арнайы комиссия бұл жұмыстарды аятауға таяп қалды. Тек кейбір келіспеген тұрғындардың үйлерін қайта бағалау жүргізіліп жатыр.
«Бескөл мен Тепличное ауылдарында қайта бағалау жұрып жатыр. Біз комиссия құрамы және арнайы мамандар әр үйді барып, тексереміз. Мамандарымыз өз қорытындыларын шығарады, сосын комиссия шешім қабылдайды. Бұл жұмыстарды да апта ішінде тәмәмдаймыз деп отырмыз»,-деді комиссия төрағасы Қуандық Шакубаев.
Су тасқынынан зардап шеккен Тепличное ауылында 45, Прибрежное және Большая малышка ауылдарында 10-ға жуық істі қарастыру қалыпты.
Тағы оқыңыз: Петропавлда құтқарушылар шатырда кептеліп қалған мысықты құтқарды