Қызылжар ауданында тасқын су салдарынан 1546 үй зардап шекті. Қазіргі уақытта бұл баспаналардың 80%-ына техникалық бағалау жүргізілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қызылжар ауданында 12 сәуірден бастап зардап шеккендерге 100 АЕК көлемінде  біржолғы көмек көрсету жұмыстары басталған еді. Қазіргі уақытта 1471 адамға  543 млн теңге көлемінде материалдық төлем төленді.Ауданда зардап шеккендердің мүлкіне келтірілген шығынды бағалау және үйлерге техникалық тексеру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Техникалық тексеруді облыстағы аккредиттелген үш серіктестік мамандары жүргізуде. Олардың құрамында 10 маман бар. Өңірде жұмыс көлемінің көптігіне және білікті мамандардың жетіспеушілігіне байланысты астаналық және көкшетаулық мамандар жұмылдырылды.

«Жалпы ауданда 1130 үйге техникалық бағалау жүргізілді. Тепличное, Прибрежное, Бескөл ауылдарында зардап шеккен үйлердің барлығына бағалау жүргізілді. Тағы 416 үй қалды. Олардың көбісі Большая Малышка ауылында орналасқан. Техникалық сарапатама қорытындысын шығару үшін біраз уақыт қажет. Ол арнайы компьютерлік бағдарламада жасалады. Қазіргі уақытта 96 техникалық акт жасалды. Және соның негізінде үйді қалпына келтірудің сметасы жасалады. Қажетті соммалар нарықтық бағамен есептеледі. Сметалық құжатты тек қана лицензиясы бар ұйым ешқандай әкімдіктің араласуынсыз жүзеге асырады», — Қызылжар ауданы әкімдігінің мамандары.

Мүлікті бағалау сарапшылары қазір Большая  Малышка және Бескөл ауылдарында жұмыс істеп жатыр. Мүліктік залалды бағалауды лицензиясы бар екі компаниядан 5 адам жүргізеді. Қазіргі уақытта 1172-ден астам үй тексеріліп, 140-тан астамына мүліктік залалды бағалау актісі берілді. Тағы 374 үй қалды.

«Арнайы құрылған комиссия Боголюбова ауылындағы 9 үйді тұруға жарамсыз деп таныды. Оларға басқа баспана берілетін болады. Ауданда қазір табиғи апат салдарына жою үшін Аққайың ауданынан келген 45 адамнан тұратын 5 мехбригада жұмыс істеп жатыр. Олар Тепличный мен Прибрежный ауылдарында үйлерді қайта қалпына келтірумен айналысуда. Және күн сайын Тепличный ауылы қоқыстан тазартылуда. Сонымен қатар түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында дезинфекциялар жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазір уақытта Тепличный ауылындағы 70% үй дезинфекцияланды», — деді Қызылжар ауданы әкімдігінің мамандары.

Ауданда күн сайын халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық ауылда арнайы жедел штабтар құрылған. Жалпы аудандағы зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары толықтай 20 мамыр күні аяқталатын болады. Ал тиісті құжаттар 23 мамырға дейін дайындалады дейді әкімдік мамандары.

Тағы оқыңыз:Қызылжар ауданының Большая Малышка ауылы қоқыстан тазартылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x