СҚО-да жыл басынан жастардың қатысуымен екі мыңға жуық құқық бұзушылық орын алған. Аталған олқылықтың орнын толтыру мақсатында Қызылжар ауданында «Заң және Тәртіп — жастардың таңдауы» атты форум өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шараға облыстың 11 ауданынан келген белсенді жастар қатысты. Бас қосуда Қызылжар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бейбіт Исманов та төбе көрсетті. Ол осы сияқты форумдар өңіріміздегі құқық бұзушылықтардың санын азайтуға септігін тигізетінін жеткізді. Шараға арнайы шақыртылған психологтардың сөзінше, аталған жағымсыз статистикаға бірден бір себеп — әлеуметтік желілер екен. Ұйымдастырушылар да осыны ескеріп жиынды ашық аспан астында ашық аспан астында, табиғат аясында өткізген.

Қызылжар ауданында облыстың белсенді жастары бас қосты
Қызылжар ауданында облыстың белсенді жастары бас қосты

«Форум төрт локация бойынша өтеді. Қатысушылар шара аясында психологтардан көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоя алады. Одан қалды, ағымдағы жылғы талап бойынша жұмысшы мамандықтар насихатталады», -деді Қызылжар аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Гүлжиһан Башимова.

Шара барысында түрлі ойындар ойнатылды. Жастардың білім деңгейі тексерілді. Дараланғандарына бағалы сыйлықтар табысталды.

Қызылжар ауданында облыстың белсенді жастары бас қосты
Қызылжар ауданында облыстың белсенді жастары бас қосты

«Маған психологтың өткізген тренингі қатты ұнады. Мол мағлұмат алдым. Көп уақыт бойы көрмеген достарымды кездестірдім. Бір-бірімізбен тәжірибемен алмастық», -деді Шал ақын ауданындағы «Солтүстік жастары» ҚБ төрағасы Дархан Жарасов.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда 19 ауыл ішімдіктен бас тартты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *