Соңғы күндері облыста толассыз қар жауып, боран соқты. Петропавлда ақ ұлпамен күрес қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда қармен күрес қарқынды жүріп жатыр. Коммуналдық қызметкерлер де аянбай еңбек етуде. Петропавл жолдарының жалпы ұзындығы 366 шақырымды құрайды.

«Петропавлда көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға құм-тұз қоспасы себілуде. Учаскелер бойынша күн сайын жолдарды тазалау мен күтіп ұстау жұмыстарына 170-ке дейін техника жұмылдырылады. Қысқа дайындық аясында 5 мың текше метр құм-тұз қоспасы мен 250 тонна көктайғаққа қарсы реагент дайындалды», — деп мәлімдеді Петропавл қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, қыс басталғалы қала көшелерінен 20 мың текше метр қар шығарылған. Бұл ретте билік өкілдері тұрғындарға көліктерін түнгі уақытта көше бойына қоймауларын сұрайды. Себебі, бұл маңызды іске кедергі келтіреді.

Тағы оқыңыз: Биыл 600-ге жуық солтүстікқазақстандық интернет-алаяқтардың құрбаны болған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *