Облыстық жедел жәрдем диспетчерлері енді алғашқы көмек көрсетілгенге дейін байланыста болады. Орталықта «қоңырауды ұстап тұру» функциясы енгізілді, деп жазады Qazaqstan Media.
Жаңа қызмет түрі туралы медициналық ұйымның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. «Қоңырауды ұстап қалу» функциясы науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда іске қосылып, жедел жәрдем бригадасы келгенше шақырушыға телефон арқылы кеңес беріледі. Орталықтың барлық диспетчерлері осы функцияға оқытылған. Науқастың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда диспетчер «қоңырауды ұстап тұру» режиміне ауысады. Медициналық бригада келгенге дейін диспетчер шұғыл жағдайларда телефон арқылы шақырушыға кеңес береді.

«Диспетчерлер қоңырауды қабылдау кезінде қоңырауды ұстап тұру режимін бірнеше рет қолданды. Бұл бригада келгенге дейін жедел жәрдемнің сапалы көрсетілуіне ықпал етті»,-деп жазады медициналық мекеме.
Тағы оқыңыз: «Құлагер» ХК сырт алаңда жарқын жеңіске қол жеткізді