Қозыбаев университетінің үздік және белсенді студенттеріне салтанатты түрде диплом табысталды. Бүгін 400-ге жуық жас белгілі азаматтардың қолынан жоғары білімді растайтын құжат алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл сәтті бірі — төрт, ал екіншісі — екі жыл күтті. Шара әдеттегідей білім ордасында емес, орталық алаңда өтіп отыр. Салтанатты шара ерекше форматта ұйымдастырылды. Түлектердің қуанышымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бөлісті. Ол жиналған қауымды тарихи сәтпен құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді.

Қозыбаев университетінің үздік және белсенді 400-ге жуық студентіне диплом табысталды
Қозыбаев университетінің үздік және белсенді 400-ге жуық студентіне диплом табысталды

«Құрметті түлектер! Келешекте еліміздің дамуына зор үлестерінізді қосып, өңіріміздің беделін арттыруға тілектеспін. Мемлекетіміз үшін аянбай еңбек етіп, сенімімізді ақтайтын болыңыздар. Баршаңызға жарқын болашақ, ақ жол тілеймін»,- деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Мақсат орындалды. Қошеметке бөленген түлектердің қуанышында шек жоқ. Ұл-қыздардың құшақтары гүлге толды. Биыл жергілікті білім ордасын 1400-ден астам студент тәмәмдады. Оның 350-ге жуығы қызыл дипломға ие болды.

Қозыбаев университетінің үздік және белсенді 400-ге жуық студентіне диплом табысталды
Қозыбаев университетінің үздік және белсенді 400-ге жуық студентіне диплом табысталды

«Қозыбаев университетінің арқасында өзімнің жаңа қырларымды байқадым. Көшбасшылық қасиет пайда болды. Ұжыммен жұмыс істеуді үйрендім. Білім ордасының білім деңгейіне сөзім жоқ. Тек білікті мамандардан тәлім алдық»-, деді университет түлегі Аяулым Ералхан.

Айта кету керек, қазіргі таңда жергілікті білім ордасында алты мыңнан астам студент білім алады.

Тағы оқыңыз: Ғ.Мүсірепов ауданында кезекті көпқабатты баспана салынып жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *