Қозыбаев университетіне түсіп, Америкада оқуға болады. АҚШ-та білім алып жүрген студенттер Qazaqstan Media редакциясына сәлем жолдады, деп хабарлайды тілші.

Қазіргі таңда солтүстікқазақстандық 29 студент Аризона университетінде білім алып жатыр. Ұл-қыздар грант негізінде оқиды. Оның ішіне АҚШ-та тұру, оқу семестріне арналған шығындар кіреді. Тамағы да тегін. Америкада оқып жүрген жастар мұхиттың арғы жағындағы оқу жүйесі біздікінен өзгеше екенін жеткізді.

«Мен «Биотехнология» мамандығында оқимын. Біз зертханада микроорганизмдерді зерттейміз. Ондағы бактерияларды жоюға тырысамыз. Сабақ барысында бірде-бір минутты босқа өткізбейміз. Әрқайсысымызға түрлі міндеттеп жүктелген. Мұнда келген кезде түрлі қиындыққа тап болдық. Оны жеңіп шығуға Қозыбаев университетінің оқытушыларынан алған біліміміз көмектесті», — деді Америкада білім алып жүрген студент Әмір Ағзамов.

Әмір Ағзамовтың сөзінше, Аризона университетіндегі студенттік өмір өте қызықты өтуде. Білім ордасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер білім алады. АҚШ-та 29 солтүстікқазақстандық 10 мамандық бойынша оқытылып жатыр. Олар 2026 жылдың ақпанында елге оралады.

«Мемлекетімізге бізге көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғысымыз шексіз. Шынымды айтсам, Америкада білім алу туралы үш ұйықтасам да түсіме кірген емес. Мұнда сабақтан тыс уақытта логикалық ойлауды дамытатын түрлі шаралар өтеді. Тіпті, әлеуметтік желіні қарауға уақытымыз жоқ», — деді Әмір.

Тағы оқыңыз: Жаңа Салық Кодексі: камералдық бақылау ескерту сипатында болады 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *