[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/e3f96e24-1ac7-48c8-9ff9-b4bac7671c2e-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Қаңтар-ақпанда ел экономикасы 4,3 пайызға өсті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша, бөлшек тауар айналымы нақты мәнде 12,9 пайызға өсті. Ұлттық банк төрағасының сөзінше өткен жылдың төмен базасына қарамастан, автомобиль, электрлік тұрмыс техникасы, азық-түлік өнімдері мен киім-кешек сату да бөлшек тауар айналымының ұлғаюына әсер етті.
«Қазақстан экономикасы 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларында 4,3 пайызға өсті. Бұл Ұлттық банктің осы жылға белгілеген 3,5-4,5 пайыз деңгейіндегі болжамдарына сәйкес келеді. Нақты сектор 2,7 пайызға, ал қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 5 пайызға өсті. Биылғы ақпан айында тұтыну тауарларын өндіру көлемі едәуір артты. Құрылыс жұмыстарының құрылымында көп пәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға берудің артқаны байқалады. Ішкі сұраныс – тұрақты. Бұл бөлшек тауар айналымының оң динамикасынан көрініп отыр», — деді Ғалымжан Пірматов.
Тағы оқыңыз:Петропавлда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]