Қазақтың беташары ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының тізіміне енді

Қазақ халқының дәстүрлерінің бірі – беташар салты ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

Беташар – қазақтың дәстүрлі үйлену рәсіміндегі ең маңызды салттардың бірі. Ол келіннің жаңа отбасына ресми таныстырылуын және оның жаңа мәртебесін айқындауды бейнелейді. Бұл дәстүр қазақ халқының отбасы құндылықтарына, үлкенді сыйлау мен құрмет көрсетуге деген ерекше көзқарасын көрсетеді.

«Парагвай астанасы Асунсьонда өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында «Беташар» салтының тізімге енгені туралы шешім қабылданды», – деп жазды Ерлан Қарин.

ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізімі – адамзат тарихындағы мәдени құндылықтарды сақтау және әлемге таныту мақсатында құрылған. Қазақстанның бұл бағыттағы жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін, домбыра күйлері, қазақ күресі және киіз үй жасау дәстүрлері ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілген еді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жеке тұрғын үйден өрт шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *