Биыл қазақтан шыққан ең алғашқы дәрігер Жұмағали Тілеулиннің туғанына 135 жыл толды. Айтулы датаға орай Петропавлда «Жұмағали Тілеулин — Алаш Орда қайраткері» атты әдеби кеш өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қоғам қайраткері, ұлт қайраткері Жұмағали Тілеулиннің есімі еліміз үшін қастерлі. Өкінішке қарай, тағдыры қиын тұлға туралы көп айтыла бермейді. Біртуар азамат қазақтан шыққан ең алғашқы дәрігер болып саналады. Кеңес үкіметі кезінде талай жанды емдеп, аяққа тұрғызған.

Жұмағали Тілеулин 1890 жылы Айыртау ауданындағы Шұқыркөл ауылында дүниеге келген. Ол ағартушылық қызметпен қатар халықтың бостандығы үшін күресті. Алайда, белсенділігі мен қайсарлығы Кеңес билігіне жақпай, бірнеше мәрте тұтқындалған. Өкінішке қарай, 38-ші жылдың ақпанында ату жазасына кесілді.

Жазушы және журналист Жақсыбай Самрат нар тұлға жайлы «Егемен Қазақстан» газетіне бірнеше рет мақала жазған. Сол туындыларының арқасында Петропавлдағы медициналық колледжге Жұмағали Тілеулиннің есімі беріліпті.

Қазақтан шыққан алғашқы дәрігер Жұмағали Тілеулиннің туғанына - 135 жыл
Қазақтан шыққан алғашқы дәрігер Жұмағали Тілеулиннің туғанына — 135 жыл

«Кеңес үкіметі Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» кітабын жойған болатын. Сол кезде Жұмағали Тілеулин туындының 1 мың данасын жасырып алып қалып, халыққа таратқан. Азаматтың сегіз кітабы бар. Барлығында медицинаның қыр-сыры мен терминдері түсінікті тілде жазылған»,- деді Жақсыбай Самрат.

Біртуар азаматты тек ақхалатты абзал жан деп қарастыруға болмайды. Жұмағали Тілеулин 1922 жылы Петропавл қаласындағы мұғалімдер курсы мен педагогикалық техникумды басқарған. Қазақ оқушыларына арнап медицина тақырыбындағы бірқатар кітапты орыс тілінен аударған. Тіпті, сол бойынша дәріс те оқыпты.

Қазақтан шыққан алғашқы дәрігер Жұмағали Тілеулиннің туғанына - 135 жыл
Қазақтан шыққан алғашқы дәрігер Жұмағали Тілеулиннің туғанына — 135 жыл

«Осы сияқты шаралар жастарға мол пайда әкеледі. Бұрындары Жұмағали Тілеулин жайлы біле қоймайтынмын. Бүгінгі жиыннан мол ақпар алдым, алдағы уақытта ұлы тұлғаның өмірбаяны жайлы оқитын боламын»,- деді М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенті Дарина Дастанова.

Жұмағали Тілеулиннің өмірбаянымен танысқысы келетін жандар облыстық кітапханаға келіп осыдан 4 жыл бұрын жарық көрген кітабын оқи алады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сотталғандар арнайы курстардан өтеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *