Қазақстанда енді су объектілеріндегі жағдайды гидрологиялық мониторингтің интерактивті картасына арқылы қарауға болады. Онда еліміздегі өзен-көлдердегі ағымдағы жай-күйі туралы толық ақпарат ұсынылады, деп жазады Qazaqstan Media.
Интерактивті картаға 377 бақылау бекетінен, оның ішінде 329 өзен, 38 көл және 10 теңіз бекеттері мен станцияларын қамтитын «Қазгидромет» РМК гидрологиялық желісінен келіп түседі.
Кез келген гидрологиялық бекетке басқан кезде картада мынадай ақпарат берілетін кесте пайда болады:
— Гидрологиялық бекеттің атауы.
— Сантиметрмен көрсетілген судың қауіпті деңгейі.
— Сантиметрмен көрсетілген судың нақты деңгейі.
— Судың температурасы.
— Секундына текше метрмен (м3/с) көрсетілген судың нақты шығыны.
Деректер келтірілген кесте күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де жаңартылады. Сонымен қатар, картада су тасқынын талдау және болжау үшін қажетті цифрлар, сондай-ақ осы параметрлердің өткен жылғы көрсеткіштері ұсынылады. Ал, гидрологиялық болжамдар модулінде жазық өзендер үшін болжанатын су тасқыны көлемі және тау өзендері үшін вегетациялық кезеңде күтілетін орташа су шығыны мен олардың нормалары көрсетіледі.
Интерактивті карта мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=gI-JSu9EA5c
Тағы оқыңыз: Сауалнама қанша адамның АЭС салуды қолдайтынын көрсетті