ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Оған сай елде АЭС салуды қазақстандықтардың 71 пайыздан астамы қолдаған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады. Дауыс беруге 7 миллион 820 мың 204 адам қатысқан. Бұл дауыс берге құқығы бар тұрғындардың 63,66%. Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.
Тағы оқыңыз: Қазақстандағы АЭС бойынша референдум: exit-poll нәтижелері