Қазақстандықтар тұтынатын сүт өнімдерінің 25 %-ы СҚО-да өндіріледі

Қазақстандықтар тұтынатын сүт өнімдерінің 25 пайызын теріскей шаруалары өндіріп отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республика көлемінде көш басында келеді. Өңірде 100-ден астам сүт-тауарлы ферма жұмыс істеп тұр. Бүгіндері тағы 17 нысан бой көтеріп жатыр. Жыл соңына дейін соның 9-ы тапсырылады.

«Осының арқасында бір мыңға жуық адам екі қолға бір күрекпен қамтылады. Елді мекендердегі әлеуметтік мәселелер де шешімін табуда. Жол, су, үйлер салынып жатыр. Содан кейін біздің тәжірибеміз ел аумағында қолданылуда. Яғни, көпшілікке үлгі. Оны жуырда жарияланған Жолдауда президент те айтып өтті», — дейді облыстық ауыл шаруашылығы  және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

СҚО-да сүт өнімдерінің 150 түрі шығарылады. Басты мақсат — импорттық тауарларды ығыстырып, ішкі сұранысты қамтамасыз ету. Жалпы, бүгінгі таңда өңірде ауыл шаруашылығы саласында 38 жоба жүзеге асырылуда. Инвестицияның жалпы құны 83 миллиард теңге. Өңірде сүт, қой фермалары, құс фабрикасы, май зауыты мен жылыжайлар салынып жатыр. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда демалыс күндері су болмайды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x