азақстандықтар дәрі-дәрмектің бағасы туралы мобильдік қосымша арқылы хабарлай алады

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға дәрі-дәрмектің  бағасын бақылау үшін Dari.kz мобильдік қосымшасын пайдалануды ұсынады. Бұл өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп жазды Qazaqstan Media.

«Dari.kz қосымшасының көмегімен пайдаланушылар баға саясатының бұзылуы туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Бұл үшін келесілер жеткілікті:

1.⁠ ⁠Дәрі-дәрмектің түбіртегі мен қаптамасының суретін жүктеңіз.

2.⁠ ⁠Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтініш жіберіңіз»,- деп жазылған ҚР ДСМ хабарламада.

Қосымша сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Бұл дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды жақсартуға көмектеседі.

Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кеткені үшін айыппұлдар көзделгенін еске салады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес мынадай айыппұлдар көзделген:

  • ⁠ ⁠Жеке тұлғалар: 70 АЕК.
  • ⁠ ⁠Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.
  • ⁠ ⁠Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.
  • ⁠ ⁠Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.
  • ⁠ ⁠Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.

Dari.kz қосымшаны App Store және Google Play қосымшаларынан тегін жүктеп алуға болады.

Тағы оқыңыз: СҚО полицейлері көрші елдерде іздеуде жүрген 24 қылмыскерді ұстады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x