Энергетика министрлігі АИ-92 маркалы бензиннің қымбаттауына және автогаздың жетіспеушілігіне қатысты шағымдарды қабылдайтын жедел желі ашты. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ведомство бензин мен дизель отынына қойылған бағалық мораторийдің бұзылуы, сондай-ақ жанармай құю станцияларындағы сұйытылған мұнай газының қолжетімділігі жөніндегі азаматтардың өтініштерін тіркеп жатыр.

Министрліктің мәліметінше, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік штабтармен бірлесіп, алыпсатарлық пен отынның жасанды тапшылығын тудыруға бағытталған кез келген әрекетке тосқауыл қойылады.

«Бензин мен дизель отыны бойынша барлық қажетті көлем өңірлердің өтінімдеріне сәйкес жөнелтіліп, мұнай базаларында сақтаулы тұр. Тапшылыққа себеп болатын объективті факторлар жоқ», — делінген хабарламада.

Сұйытылған мұнай газының кейбір бекеттерде уақытша жетіспеушілігі жоспарлы жөндеу жұмыстарына және логистикалық қиындықтарға байланысты. Министрлік бұл жағдайды бақылауда ұстап, жоғары сұраныс байқалатын өңірлерге қосымша көлем бөлгенін атап өтті.

Егер азаматтар АИ-92 бензинінің негізсіз қымбаттауына немесе отынның болмауына тап болса, олар тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желіге +7 701 855 0248 нөмірі арқылы хабарласа алады.

«Барлық қоңыраулар 24/7 форматында қабылданады. Әрбір өтініш мұқият қаралып, расталған жағдайда адал емес нарық қатысушыларына қатысты шаралар қабылданады», — деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандықтар әлемдік жарыстарда атой салған палуандарды күтіп алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *