Қазақстанда ескі жаңа жылды шығарып салу дәстүрі әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Осыған байланысты жұртшылық үй-жайын тазалап, ескі-құсқы заттардан арылуға тырысады. Мұның бәрі ескі жылмен бірге қиындық пен сәтсіздікті де шығарып салу деген сеніммен байланысты, деп жазады Qazaqstan Media.

Ескі жаңа жыл — жыл санау жүйесінің ауысуына байланысты пайда болған мейрам. 1582 жылы Италия, Польша, Португалия және Испания, кейінірек Ұлыбритания мен Грекия юлиан күнтізбесінен григориан күнтізбесіне өтті. Осы өзгерістерден кейін православиелік Жаңа жыл, яғни ескі жаңа жыл, 14 қаңтарда атап өтіле бастады. Мереке күндері дәстүрлі түрде мынадай істер атқарылады: жаңа киім мен іш киім кию. Отбасымен немесе жақындармен мерекелік дастарқанда бас қосу. Татуласу, кешірім сұрау. Ескі ғұрып бойынша жаңа жылда ескі, жыртық немесе кір, қара түсті киім кимеңіз. Әдемілігіңізді жоғалтпас үшін айнаға көп қарамаңыз.Түнде қоқыс шығармаңыз (бұл сәтсіздік әкеледі). Ұсақ ақшаны санамаңыз (кедейлікке ұшырау белгісі).

14 қаңтар таңында үйге алғаш кірген қонақ әйел болмауы керек. Ер адамдардың бәрі үйлерді аралап, дән сеуіп, бақыт тілейді. Дән себушілерді есіктен қайтармаңыз, өйткені бұл сәттілікті кері қайтарумен тең. Қарыз алуға және беруге болмайды. Бірақ тамақты бөлісіп, үйсіз-күйсіздерге көмек көрсету құпталады.

Ескі жаңа жылды тойлау кезінде табиғаттың мынадай белгілеріне назар аударылады:
Ашық және таза аспан алма өнімінің мол болатынын білдіреді.
Қалың тұман – көкөністердің жақсы шығуы.
Шырша бұтақтарындағы қалың қар бал қорының мол болуын көрсетеді.
Жылы ауа райы – жаздың салқын болуы.
Оңтүстіктен соққан жел – жылдың жылы, жаздың ыстық болатынын, ал батыстан соққан жел балық, көкөніс және сиыр сүтінің мол болатынын білдіреді.
Суық күндер саңырауқұлақтың аз болатынын білдіреді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жасөспірімдер арасында үлкен теннистен халықаралық турнир өтуде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *