Мәжіліс депутаттары Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге енгізілетін түзетулер топтамасын қабылдады. Жаңа талап бірнеше бағытты қамтиды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
 
Заң жобасы жұмыс барысында медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадалары жүргізушілерінің өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қол сұққаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейтін жаңа бап енгізуді көздейді.
 

Алдағы уақытта адамдар мамандарды күш қолданамын деп қорқытса 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Не сол мөлшерде түзету жұмыстары, не 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.
 
Егер соққыға жықса жаза қатаңдатылып, 2 жылдан 3 жылға дейін сотталды немесе бас бостандығына шектеу белгіленеді.
 
•өмірге және (немесе) денсаулыққа қауіпті емес күш қолданғаны үшін 500-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салынады. Болмаса 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.
 
•өмірге және денсаулыққа қауіпті күш қолданғаны үшін 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 12 жылға дейін түрмеге қамалады.
 

Президент медицина аммандарына қол көтеріп, шабуыл жасау фактілері «Заң және тәртіп» қағидаттарына сәйкес құқықтық алаңда қатаң түрде тоқтатылуы тиіс екенін атап өтті.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша 2019 жылдан бері Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне қатысты 280-нен астам шабуыл дерегі тіркелген. Ал биыл мұндай 58 факт анықталған.
 
Айта кету керек, медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында бүгінде ел бойынша 152 стационарда тәулік бойы жұмыс істейтін полиция посттары орналастырылған.

Тағы оқыңыз: Петропавлдың басты алаңында қала тұрғындарына тюбингтер тегін беріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *