Қазақстан үкіметі егіс алқаптарын бақылайтын дрон сатып алуға қаржы бөлді. Бұл туралы үкімет отырысында Олжас Бектенов айтты, деп жазады Qazaqstan Media.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, шегірткелерді бақылауда ұшқышсыз ұшу аппараттарын  пайдалану зиянкестердің таралу ошақтарын, оның ішінде қиын жететін  жерлерді тез әрі дәл анықтауға мүмкіндік береді. Дрондар зиянкестердің көшуін картаға түсіру және болжау үшін пайдалануға болатын деректерді жылдам жинау арқылы шығындар мен тәуекелдерді азайтады. Бұл аталған құрылғыларды шегіртке ошақтарын ерте анықтап, ескерту және әрекет ету жүйесіндегі маңызды құралға айналдырады.

«Аграрлық секторды цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Үкімет егіс алқаптарын мониторингтеу үшін дрондар сатып алуға қаражат бөлді», — деп атап өтті Премьер-министр үкімет отырысында.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл егіс науқаны мезгілінен ерте басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *