2025 жылдың басынан бері елімізде 60 бала терезеден құлап кеткен. Оның бесеуі қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, терезеден құлау оқиғаларының басым бөлігі жаз мезгілінде тіркеледі. Себебі, бұл уақытта ата-аналар балаларды жиі жалғыз қалдырады, ал ашық тұрған терезе – қауіптің негізгі көзіне айналады.

«Терезелерді ашық қалдырмау керек. Маскит торлары бала қауіпсіздігі үшін арналмаған, олар оңай үзіліп кетеді. Терезе маңына диван, орындық, үстел сияқты жиһаздарды қоюдан аулақ болу қажет. Ең бастысы – кішкентай балаларды жалғыз қалдырмау керек»,– дейді мамандар.

Мамандар ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. Әсіресе көпқабатты үйлерде тұратын тұрғындар балаларының қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлгені жөн.

Тағы оқыңыз: Kozybayev University түлектерге білім грантын табыстады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *