Қазақстанда бірінші сыныпқа баратын балалар үшін мектепалды даярлық бағдарламасы әзірленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарлама «Балақайлар мектебі» деп аталады. Бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін ұйымдастырылған. Ол мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді.
«Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында мектептерде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Бағдарлама бойынша оқыту бір айға арналған. Сабақтар күн сайын 30 минуттан 10 минуттық үзілістермен өткізіледі. Балаларға білікті бастауыш сынып мұғалімдері немесе мектепалды сынып мұғалімдері сабақ береді»,- дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданының мехбригадасы Ойқалада жұмыстарын жалғастырып жатыр