Қазақстанда білімі, тәжірибесі жоқ адамадар 300 мың жалақыны менсінбейді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова адам жұмыстан бас тартқан жағдайда заңнаманы қатаңдатуды ұсынды. Ол туралы  мәжілісте өткен үкімет сағатында айтылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Үкімет сағатында депутат Анас Баққожаев өңірлердегі жұмыссыздардың саны артқанын алға тартты.

«Ауылда, мысалы, адамдар жұмыссыз болып тіркеліп, жәрдемақы алады. Бұл адам мүгедек болса түсінікті, бірақ дені сау адам жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алады. Жұмыс көп, бірақ ешкім бармайды. Біз жалқаулықты дамытып жатырмыз, міне, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы осындай жалқау өмір салтын қалыптастырады»,- деді депутат Анас Баққожаев.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова депутаттың пікірімен келісіп отыр. Кейбір азаматтардың білім мен тәжірибесі жоқ болса да 300 мың теңге жалақыдан бас тартып, 800 мың теңге талап ететінін айтты. Қазір жұмсысыздарға әлеуметтік төлемдер әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Егер азамат жұмыс істеп, жұмысынан айырылса, тек осы жағдайда ғана жұмыссыздық бойынша алты ай мерзімге жәрдемақы төленеді. Басқа азаматтарға мұндай жәрдемақы төленбейді. Кей азаматтар субсидияланатын немесе мемлекет ұсынған басқа жұмысқа барғысы келмейді екен. Светлана Жақыпова Солтүстік Қазақстаннан мысал келтірді.

«Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка ауылында 600 мың теңге жалақыға дәнекерлеуші қажет. Алайда мұндай жұмысты қарастырғысы келмейтін азаматтар да бар. Еңбек құндылықтарын сіңіру отбасында басталуы керек. Қытайлық отбасыларға қарасақ, балалары жас кезінен бастап жұмыс істеуге дағдыланған. Бұл тек тәрбиелік-идеологиялық жұмыспен ғана емес, заңнамалық түрде де реттелуі керек. Адам жұмысқа барудан бас тартқанда, заңнаманы күшейту керек», — деді Светлана Жақыпова.

Тағы оқыңыз: Интернет-алаяқтар халықты алдаудың жаңа әдісін ойлап тапты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x