Қазақстанда медициналық бетперде кию, дене қызуын өлшеу талаптары қайта оралып жатыр. Мұндай шешімді санитар дәрігерлер қабылдаған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Елімізде қыркүйек айынан бастап тұмауға қарсы вакциянациялау басталады. Аурухана мен емханаларда медицина қызметкерлері бетперде кию керек. Сонымен қатар:
«Тұмаумен, ЖРВИ-мен және COVID-19-бен сырқаттанушылықтың эпидемиялық көтерілуі кезінде медициналық ұйымдарда қосымша инфекциялық төсек-орнын ашу жоспарын бекіту;
ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастар үшін медициналық ұйымдардың аумағында және ғимаратында тиісті көрсеткіштері бар «сүзгілерді» ұйымдастыруды және жабдықтау;
Медициналық ұйымдарда температуралық режимді қамтамасыз ету керек», — деп жазылған қаулыда.
Ал мектептерде мынандай ережелер болады.
1) Білім беру ұйымдарында ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілері бар адамдар үшін күнделікті «таңертеңгі сүзгіні» өткізуді ұйымдастыру;
2) Егер тұмау, ЖРВИ және COVID-19 белгілері бар балалар болса, ата-аналары келгенге дейін оларды оқшаулауды ұйымдастыру;
3) Әр қабатта, әр сыныпта тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату;
4) Жеке гигиена қағидаларын сақтау және ЖРВИ мен тұмаудың, COVID-19 профилактикасы мәселелері бойынша оқушыларға тақырыптық диктанттар жүргізу керек.
«Егер сыныптағы балалардың 20-30 %-ы сырқаттанса, күнтізбелік он күннің ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салуды ұсыну, кабинеттік оқуға көшу;
Ал егер сыныптағы балалардың 30 %-дан астамы ЖРВИ жұқтырса, онлайн оқуға ауыстыру ұсынылады», — делінген құжатта.
Сонымен қатар елімізде қайтадан мобильді топтарды ұйымдастыру қарастырылып жатыр.
Қаулыға ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрқан Сәдуақасов қол қойған.
Тағы оқыңыз: Имантау-Шалқар курорттық аймағында жаңа 19 жоба жүзеге асырылады