Қазақстанда алғаш рет оқушылар арасында қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік бойынша олимпиада өтеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

Алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада өтеді. Ведомствоның мәліметінше, бастаманы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы көтерген. 

«Бұл жоба оқушылардың қаржы саласындағы білімін арттыруға, қаржылық жауаптылық пен цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған», — делінген хабарламада.

Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңі 17 қазан күні барлық өңірлерде офлайн форматта өтеді. Қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын 60 минут ішінде орындайды. Үздік нәтиже көрсеткен 30 оқушы келесі кезеңге жолдама алады.

Барлығы төрт кезеңнен тұратын олимпиаданың финалы 2026 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтеді.

Қорытынды кезеңде әр өңір мен республикалық білім беру ұйымдарынан үздік 150-ден астам оқушы бақ сынайды.

Тағы оқыңыз: Жұмыс көп, көңіл аз: Солтүстікте ата-аналар баласымен аз сөйлеседі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *