Қазақстанда индустрия және құрылыс салаларында 75 жаңа мамандық пайда болды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Вице-министрдің айтуынша, министрлік жетекшілік ететін салаларда кадр тапшылығы шамамен 40 мың адамды құрайды. Осы қажеттілікті өтеу мақсатында жаңа кәсіптер Атласы аясында 75 жаңа мамандық енгізілген.

«Мысалы, металлургия және тау-кен өндірісінде – смарт жүйелерді әзірлеуші, роботтандырылған тау техникасының операторы; машина жасау саласында – виртуалды прототиптеуші маман; құрылыс саласында – Big Data талдаушысы мен «Ақылды үй» жобалаушысы сынды мамандықтар бар», – деді Иран Шархан.

Сонымен қатар, бизнес-процестерді автоматтандыруға байланысты 40-тан астам дәстүрлі мамандық жаңа талаптарға сай қайта бейімделген.

Биыл іске қосылатын 190 инвестициялық жоба аясында машина жасау саласында тағы сегіз жаңа мамандық енгізіледі. Олардың қатарында 3D басып шығару және дәнекерлеу инженері, сондай-ақ роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы бар.

Қазіргі таңда өндірісте автоматтандырылған еңбек түрі қол еңбегін біртіндеп алмастыруда. Бұл үрдіс жұмысшы мамандықтарының маңызын қайта бағалауға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда әкімдердің жұмыспен қамту бойынша KPI жүйесі енгізіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *