Елімізде жыл басынан бері суицидтік белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлім етті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Әлекешовтың айтуынша, ішкі істер министрлігі интернет желісі арқылы жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимылды тұрақты әрі белсенді түрде жүргізеді. Заңсыз контентті, оның ішінде әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында суицидті насихаттаумен байланысты ресурстарды анықтауға және оларды бұғаттауға баса назар аударылады.

«Жыл басынан бері мониторинг нәтижесінде суицидтік сипаттағы белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды. Олар бойынша ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға, яғни мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілді», — дейді ол.

Соңғы уақытта мессенджерлерде қауіпті ойындар туралы ақпарат тарады. Әлекешов мұндай ойындарда өзін-өзі өлтіру элементтері кездеспейтінін, бірақ онда балалардың психикасына теріс әсер ететін қашу, бағынбау сияқты әрекеттерді құптау қаупі болуы мүмкін дейді. Жалпы әрбір суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

«Кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсауына ықпал ететін бірнеше себеп болуы мүмкін. Бұл жалғыздық сезімі, қиын материалдық жағдай, ата-аналарымен немесе туыстарымен жанжалдасу, оқудағы ұрыстар, ата-анасының ажырасуы, жақын адамының қайтыс болуы, жазаланудан қорқу. Суицид жасаудың нақты себебі тек тергеу нәтижесімен ғана белгілі болады», — деді спикер.

ІІМ мәліметінше, суицид жасау және соған әрекеттенудің 14 жағдайында кәмелетке толмағандар мас күйде болған. Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің бір жағдайында жасөспірім есірткілік масаң күйде болған. Талдау көрсеткендей, суицидтер мен суицид жасауға әрекеттенудің басым бөлігін 15-17 жас аралығындағы, яғни өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер жасаған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда әскери қызметке шақырылғандар саны артты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x