Қазақстанда ескі банкноттарды жаңа үлгідегі купюраларға ауыстыру жалғасып жатыр. Ұлттық банк 2025 жылдың 24 қыркүйегінен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5 000 теңгелік банкноттардың айналымы тоқтатылатынын еске салды, деп жазады Qazaqstan Media.
Ұлттық банк 1000, 2000, 5000 және 10 000 теңгелік ескі банкноттардың параллель айналымнан шығатын мерзімдерін атады. Бүгінде айналымда жаңа үлгідегі 1 000, 2 000 және 10 000 теңгелік банкноттар бар. Ескі купюралар үшін параллельді айналымның аяқталу мерзімдері төмендегідей белгіленді:
2 000 теңгелік банкноттар үшін – 2026 жылдың 24 маусымына дейін;
10 000 теңгелік банкноттар үшін – 2026 жылдың 27 маусымына дейін;
1 000 теңгелік банкноттар үшін – 2027 жылдың 27 наурызына дейін.
Бұдан бөлек, Ұлттық банк 2025 жылдың 24 қыркүйегінен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5 000 теңгелік банкноттардың айналымы тоқтатылатынын еске салды.
«Параллельді айналым кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, барлық банктер мен «Қазпошта» ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегілеріне үш жыл бойы айырбастайды, ал Ұлттық банктің филиалдары – мерзімсіз», – деп нақтылады Ұлттық банк.
Тағы оқыңыз: Азаптаудың алдын алу – құқықтық мемлекеттің талабы