Елімізде 1 ақпаннан бастап автогаз қымбаттайды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Энергетика министрлігі тауар биржаларынан тыс сатылатын сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын көтеру туралы бұйрық жобасын талқылауға шығарды.
Астана мен Алматыда баға литріне сәйкесінше 84 және 89 теңгеден 102 теңгеге дейін өседі.
Шымкентте – литрі 70 теңгеден 90 теңгеге дейін көтеріледі.
Басқа өңірлер литріне 6 теңгеден 20 теңгеге дейін өседі деп күтуде.
Тағы оқыңыз: Ішімдік ішкізіп, несие рәсімдеген: СҚО-да алаяқтық жасады деген күдікпен үш азамат ұсталды